13 наурыз күні Қарағанды облысының Азаматтық Альянсының бастамасымен аймақтың үкіметтік емес ұйымдары өңірдегі азаматтық секторды дамыту бойынша жағдайды талқылау және бірлескен қызметтің алдағы жолдарын анықтау мақсатында облыс әкімі Жеңіс Қасымбекпен ке
Ақпарат үшін
13 наурыз күні Қарағанды облысының Азаматтық Альянсының бастамасымен аймақтың үкіметтік емес ұйымдары өңірдегі азаматтық секторды дамыту бойынша жағдайды талқылау және бірлескен қызметтің алдағы жолдарын анықтау мақсатында облыс әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесті. Облыс әкімі маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге қоғамды тартудың қазіргі заманғы мемлекеттік саясатын ескере отырып, осындай кездесулердің мәнділігі мен маңыздылығын атап өтті.
Қарағанды облысының Азаматтық Альянсының Президенті Гүлнар Құрбанбаеваның ақпараты бойынша аймақтың ҮЕҰ өз жұмысына жүздеген еріктілерді тарта отырып, өз бенефициарларының мүддесінде және олардың проблемаларын шешу үшін мемлекеттік бюджеттің, жеке және халықаралық гранттардың қаражатын, қайырымдылық пен меценаттардың қаражатын пайдалана отырып, өз қызметін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларында жүзеге асыруда. Жыл сайын жаңадан құрылатын ҮЕҰ саны, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын әлеуметтік маңызы бар жобалар саны артуда.
Сондай-ақ Г.Т. Құрбанбаева үкіметтік емес сектордың басшылары мен өкілдерінің қатарында ғылыми дәрежесі, зерттеу, талдау салаларында көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жұмыс істейтінін атап өтті, бұл ҮЕҰ-ны өңірдің стратегиялық құжаттарын (бағдарламалары мен жоспарларын) әзірлеуге тарту қажет деп санауға объективті құқық береді.
Ақпаратта қазіргі заманғы жағдайлардағы ҮЕҰ мен биліктің әріптестігі әзірленіп жатқан «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында жекелеген әлеуметтік мәселелер мен сұрақтарды шешудің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін де, өңірдің оң имиджін қалыптастыру үшін де, халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін де үлкен маңызға ие екендігі атап өтілді.
Алайда, Г. Т. Құрбанбаева атап өткендей, облыстың қалалары мен аудандарында ҮЕҰ мен биліктің өзара іс-қимыл жүйесінің болмауы, мемлекеттік органдардың жекелеген басшыларының кеңес беру-кеңесу органдарының (ККО) эпизодтық өткізулерінде жоспар бойынша емес, мемлекеттік орган басшысының қалауы бойынша көрініс табатын ККО-ның жұмысына немқұрайлы қарауы, ККО шешімдерінің орындалуын бақылаудың болмауы, азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстарын елемеу қазіргі уақытта өңірлік ҮЕҰ жағдайын айтарлықтай ушықтырды:
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты өңірдің әлеуметтік мәселелер мен сұрақтарды шешудегі нақты қажеттіліктерін әрдайым ескермейді (ҮЕҰ ұсыныстарын елемеу мәселесіне);
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражатының сомасы көбінесе нақты жұмыс көлеміне сәйкес келмейді (ақша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау үшін талап етілгеннен бірнеше есе аз мөлшерде бөлінеді), бұл формализмге, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға және ең бастысы, нақты нысаналы топтардың проблемаларының шешілмеуіне әкеліп соғады;
- ҮЕҰ-дың хаттары мен өтініштерін немқұрайлы қарау фактілері орын алуда, бұл ҮЕҰ-ға көмек сұраған нақты адамдардың проблемаларын шешуді айтарлықтай созады;
- бір жағынан жалға алу тарифтерінің жоғары болуына байланысты жеке ұйымдарда өз кеңселерінің болу мүмкіндігінің болмауы және екінші жағынан ҮЕҰ-дың өздерін тұрақты қаржыландырудың болмауы ҮЕҰ-ның сапалы жұмысына ықпал етпейді.
Сараптамалық бағалаулар бойынша ҮЕҰ-ның тек 15%- а жуығы ККО жұмысына белсенді қатысады. ҮЕҰ-ның 60%-дан астамының қызметі іс жүзінде «нөлде», оның ішінде 386 ҮЕҰ (облыстың ішкі саясат басқармасының деректері бойынша ) ресми түрде жұмыс істемейді.
Кездесуге қатысқан үкіметтік емес ұйымдар облыс басшылығының қатысуын және қолдауын талап ететін бірқатар мәселелерді атап өтті:
- жекелеген мемлекеттік және бюджеттік қызметтерді оралмандармен жұмыс істеу үшін мемлекеттік тілді білетін мамандармен қамтамасыз ету мәселелері;
- әлеуметтік маңызы бар жобалар тізбесіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көшіп-қонушылармен жұмыс жөніндегі жобаларды енгізу;
- өңірде адам құқықтарын сақтау жөніндегі халықаралық құжаттардың ережелерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін ұлттық алдын алу тетігі (ҰАМ) шеңберінде ұсынымдарды талқылау және іске асыру бойынша мемлекеттік органдармен кеңестер сериясын өткізу қажеттілігі;
- даулы жағдайлар мен ТЖ және т.б. шешу кезінде медиация құралдарын пайдаланудағы жүйелік тәсіл мәселелері.
Кездесу қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар мынадай келісілген ұстанымдарға келді:
- облыс әкімінің азаматтық сектор өкілдерімен жылына кемінде 2 рет, оның ішінде облыс басшылығының қатысуымен жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдардың облыстық конференциясында кездесулер өткізу
- ҮЕҰ қызметіндегі мәселелерді жедел шешу үшін облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің тұрақтылығын және жұмыс жүйесін қамтамасыз ету
- өңірдегі өзекті әлеуметтік мәселелер мен сұрақтарды тиімді шешу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда күш- жігерді біріктіру (бірлескен медиажоспар)
- болашақта облыста ҮЕҰ үйін құру (салу) мәселесін қарауға қайта оралу.