ПРЕСС-РЕЛИЗ 2020 жылдың 20 қазанында
Құрметті әріптестер, сіздерге "Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы "Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі "Мейірімді Жүрек" ҚБ-мен әріптестікте «Әлеуметтік кәсіпкерліктің аймақта дамуына не кедергі?» тақырыбында пікірсайыс алаңын өткізетінін хабарлаймыз. Бұл іс-шара «Қарағанды облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында өтеді. Пікірталас алаңы 2020 жылдың 20 қазанында Жезқазған гуманитарлық колледжінде, Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі 74 мекенжайы бойынша сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін санитарлық нормаларды сақтай отырып өтеді.
Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл барынша қоғамдық маңызды түйткілдерді шешуге немесе азайтуға бағытталған қызмет. Алайда, бұл қоғам үшін қолданылатын, сонымен қатар ел экономикасының өсуіне серпін беретін салада, көптеген мәселелер бар.
Бүгінгі күні әлеуметтік кәсіпкерлікке басым бағыттарды белгілеу қажет, сонымен қатар әлеуметтік кәсіпкерлікті әр түрлі мемлекеттік қолдау шаралары арқылы тиімді қолдауға қол жеткізу үшін аймақтардағы кәсіпкерлікті дамыту проблемаларын анықтау қажет.
Аймақта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту проблемаларына - білікті кадрлардың жетіспеушілігі, халықтың төлем қабілеттілігінің төмендігі, әкімшілік кедергілер, қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, салық салудың жоғары деңгейі, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтер мен жалдау төлемдерінің жоғары ставкалары және осы саланың дамуын ынталандыру тетіктерінің болмауы. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іске асырылған әлеуметтік жобалардың, әлеуметтік кәсіпкерліктің оң тәжірибесі туралы ақпарат тарату және насихаттау қажеттілігі туындайды.
Осылайша, пікірталас алаңы кезінде аймақтардағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту проблемаларын және оның басым бағыттарын зерттеу мемлекет тарапынан барынша тиімді қолдауға мүмкіндік береді, жаңа идеялар ағымын тудырады, сонымен қатар оның өңірлерде дамуын жеделдетеді.
Өңір экономикасы үшін әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы несімен пайдалы?
Әлеуметтік кәсіпкерлердің әлеуметтік түйткілдерді шеше отырып, жаңа немесе бұрын тартылмаған ресурстарды іздеуімен. Бұл мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін, не болмаса жалғыз басты аналар үшін арнайы жұмыс орындарын құру түйткілдерін шешу болуы мүмкін. Не болмаса қоршаған ортаны ластаумен байланысты түйткілдер. Әлеуметтік түйткілдер жетіп артылады, ал әлеуметтік кәсіпкерлер оларды шеше отырып, елдің жиынтық экономикалық тиімділігін көтереді, өйткені бұрын қолданылмаған ресурстарды экономикалық айналымға енгізеді.
Кездесуге Жезқазған, Сәтбаев қоғамдық бірлестіктерінің, мемлекеттік органдарының және БАҚ өкілдері шақырылды. Пікірсайыс алаңына 30 адам қатысады.
Байланыс телефондары: 77 – 30 –52
Тілеміс Ә.О. 8 776 666 65 23