Қарағанды қ. Гоголь көш 31, каб 201,204 | +7 (7212) 400861 400862

Мемлекеттік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды беруге арналған қайта конкурс жарияланады

 

Орталық ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.

Мемлекеттік гранттарды алу конкурсына қауқарсыз деп танылған (банкрот), мүлкіқамауға алынып, қаржылық әрекеті тоқтатылған, тарау үдерісінде тұрған ҮЕҰ-дан өзге, гранттарды алу үшін өтінім жасаған, ҮЕҰ-дың мәліметтер базасында мәліметтері бар және конкурсқа қатысуға Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкес келетін өтінім ұсынған ҮЕҰ қатыса алады.

Оператор мынадай жағдайларда:

өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген;

өтінім бекітілген жоспарға сәйкес келмеген;

Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаған;

грант тақырыбы Жарғыға сәйкес өтініш берушінің нысанасына, мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкес келмеген жағдайларда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды.

Бекітілген Жоспармен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:

1) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;

2) гранттың тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмесе;

3) грант тақырыбы бойынша сараптама комиссиясының бағалауына ұсынылған өтінімдердің бірде-біреуі ең жоғары қорытынды балл санының 50 (елу) пайызынан астамын жинамаған кезде конкурс өтпеді деп танылады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі. Өтінімдер көрсетілген мекен-жайға және электрондық поштаға жолдау қажет.

Қағаз бетіндегі өтінімдер мен электронды тасымалдағыштағы қосымшасын мына пошта мекен-жайына жолдау керек: Нұр-Сұлтан қ., Мангілік Ел даңғылы, 30 «Astana Apartments» бизнес-орталығы, 2 қабат.

Орталық қызметкерлері тұрақты түрде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Орталықтың Жобаларды басқару департаментіне хабарласыңыз:

Ақмола облысы – Сариев Аслан 8 701 617 81 88

Ақтобе облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55

Алматы облысы – Мукатова Дана 8 775 100 96 30

Атырау облысы – Ергалиева Шұғыла 8 776 530 51 40

Шығыс Қазақстан облысы – Мухамеджанова Дана 8 702 481 62 26

Жамбыл облысы – Ергалиева Шугыла 8 776 530 51 40

Батыс Қазақстан облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55

Қарағанды облысы – Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36

Қостанай облысы – Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36

Қызылорда облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55

Маңғыстау облысы – Ергалиева Шұғыла 8 776 530 51 40

Павлодар облысы – Колдасбаев Дархан 8 775 863 23 03

Солтүстік Қазақстан облысы – Қолдасбаев Дархан 8 775 863 23 03

Түркістан облысы – Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36

Нұр-Сұлтан қаласы – Мукатова Дана 8 775 100 96 30

Алматы қаласы – Мухамеджанова Дана 8 702 481 62 26

Шымкент қаласы – Қолдасбаев Дархан 8 775 863 23 03

Өтінімдер қағаз және электронды тасымалдаушыларда берілуі тиіс (USB флэш жинақтаушы немесе CD-диск).

Өтінімдерді қағаз нұсқада электронды тасымалдағышта қоса ұсына отырып, мына пошта мекен-жайына жолдау керек: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 30, «Astana Apartments» БО, 2 қабат, 211 кабинет.

MS Word және PDF форматындағы (бір құжат ретінде) құжаттарды бірінші басшының қолы бар сканерленген өтініш нұсқасын **Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.** электрондық поштасына жіберу қажет.

Сұраныстар 2021 жылдың «05» наурызынан «08» сәуіріне  дейін сағат 18.00-ге дейін қабылданады. 

Оператор қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

 

 **Печать**  **E-mail**