ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ / СТАРТОВАЛ ОТБОР В ПРЕЗИДЕНТСКИЙ МОЛОДЕЖНЫЙ КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ

WhatsApp Image 2021 09 03 at 06.57.53

 

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға өтініштер қабылдана бастады.

Кандидат PKREZERV.GOV.KZ сайтының басты бетінде инфографика түрінде берілген резервке іріктеу процесі туралы мәліметтермен (іріктеуге қалай және кім қатыса алады, іріктеудің мерзімдері мен кезеңдері қандай) таныса алады.

Тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген.

‼️Үміткерге іріктеу кезеңдерінен өту үшін аты-жөнін, ЖСН-ін, өзіне қолайлы тілді және ең бастысы қолданыстағы электрондық адрес пен ұялы телефонын көрсету қажет.

Тиісті белгіні қойып, Деректерді сақтау мен өңдеуге арналған келісіммен және Пайдаланушы келісімімен танысып, оларды қабылдау маңызды. Сондай-ақ үміткер белгіленген талаптарды қатаң сақтау бойынша міндеттемені қабылдайды, оның ішінде:

➡️компьютердің, интернет жылдамдығының кемінде секундына 5 Мб және жұмыс істейтін веб-камераның, құлаққап пен микрофонның болуы туралы;

➡️ дұрыс емес мәліметтер ұсынылған немесе тапсырмаларды орындауға басқа тұлғаларды тарту фактілері анықталған жағдайда іріктеудің кез келген кезеңінен шығару туралы;

➡️іріктеудің барлық кезеңдерінде тест тапсырмаларының, ситуациялық тапсырмалардың және өзге де ақпараттың мазмұнына қатысты деректерді үшінші тұлғаларға таратпау туралы.

‼️Осы талаптарды қабылдамай, кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

✔️Үміткер талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.

ДОСТАР, СӘТТІЛІК КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ 30-на ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ‼️
_________________

СТАРТОВАЛ ОТБОР В ПРЕЗИДЕНТСКИЙ МОЛОДЕЖНЫЙ КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ

1 сентября 2021 года стартовал прием заявок на участие в отборе в Президентский молодежный кадровый резерв.

На главной странице сайта PKREZERV.GOV.KZ кандидат может ознакомиться с данными о процессе отбора в резерв в виде инфографики: как и кто может принять участие, каковы сроки и этапы отбора.

Процедура регистрации максимально упрощена.

‼️Кандидату необходимо указать свои личные данные, такие как ФИО, ИИН, предпочтительный язык для прохождения этапов отбора и, самое главное, действующий электронный адрес и мобильный телефон.

Важно ознакомиться и принять согласие на хранение и обработку данных и пользовательское соглашение, отметив соответствующие чек-боксы. Так же принимает обязательство по строгому соблюдению установленных требований, в том числе:

➡️о необходимости наличия компьютера, скорости интернета не менее 5мб/сек и функционирующей веб-камеры, наушников и микрофона;

➡️об исключении на любом из этапов отбора, в случае предоставления недостоверных сведений либо выявления фактов привлечения иных лиц
к выполнению заданий;

➡️о нераспространении информации третьим лицам относительно содержания тестовых заданий, ситуационных задач и иной информации на всех этапах отбора.

‼️Не приняв данные требования, кандидат не может принять участие в Президентском молодежном кадровом резерве.

✔️При соответствии кандидата требованиям он допускается к этапам отбора.

ДРУЗЬЯ, ЖЕЛАЕМ ВАМ УДАЧИ  И НАПОМИНАЕМ ЧТО РЕГИСТРАЦИЯ ПРОДЛИТСЯ ДО 30 СЕНТЯБРЯ‼️

#ПРЕЗИДЕНТТІКЖАСТАРКАДРРЕЗЕРВІ #ПЖКР2021 #КАДРРЕЗЕРВІ #КАДРРЕЗЕРВІ2021 #ПРЕЗИДЕНТСКИЙМОЛОДЕЖНЫЙКАДРОВЫЙРЕЗЕРВ
#ПМКР2021 #КАДРОВЫЙРЕЗЕРВ #КАДРОВЫЙРЕЗЕРВ2021

 **Печать**