Караганда, ул.Гоголя, 31, каб. 201, 204 | +7 (7212) 400861 400862

Баспасөз анонсы 2019 жылғы 21 тамыз 11.00 сағ. Қарағанды, Гоголь к-сі, 31, 204-кеңсе

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында құрылған және жұмыс істейтін Қарағанды облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау жөніндегі азаматтық орталық «Неге волонтерлік қарағандылықтардың өмір сүру нормаларына айналмайды?» тақырыбында пікірталас алаңының отырысын өткізеді.

Волонтерлық бүгінгі күні социумның өзін-өзі көрсетуінің сан түрлі салаларындағы адамдардың түрлі іс-әрекетінің үлкен спектрін ұсынады. Осылайша, волонтерлік қызметке мыналарды жатқызуға болады: экологиялық қозғалыстар, ағаштар, гүлдер отырғызу, халықтың осал топтарына: қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, баспанасыздарға көмек көрсету; СӨС насихаттау; ірі қалалық, халықаралық іс-шараларды, фестивальдарды ұйымдастыруға көмек көрсету; интернет-еріктілік және т. б.

Бұл қозғалысқа әр түрлі жастағы, әлеуметтік топтар мен кәсіптегі адамдар қосылады. Бұл олардың азаматтық белсенділігінің және қаладағы, аудандағы, елдегі әлеуметтік үдерістерге деген ұстанымының көрсеткіші болып табылады

Қарағандыда адамдар үкіметтік емес сектордың немесе мемлекеттік органдардың түрлі ұйымдары өткізетін маңызды және қажетті іс-шаралардың әрдайым еріктілері мен белсенді көмекшілері және қатысушылары бола бермейді.

«Неге волонтерлік қарағандылықтардың өмір сүру нормасына айналмаған» деген сұраққа осы диалогтық алаң қатысушылары жауап беретін болады.

Мәселені талқылау қорытындысы бойынша алынған материалдар ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар үшін ұсынымдық хаттар болады.

Диалог алаңын өткізудің модераторы: Юрий Гусаков – адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі республикалық бюро филиалының басшысы.