Баспасөз анонсы 2019 жылдың 22-23 тамызында Балқаш қаласында, сағат 11.00-ден 17.00-ге
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық жобасын орындау шеңберінде Қарағанды облысында Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 31, 204-кеңсе мекенжайы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін азаматтық орталық құрылып, өз жұмысын бастады. Орталық қызметінің мақсаты: «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау.
2019 жылдың 22-23 тамызында Балқаш қаласында, сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін "Рухани жаңғыру" бағдарламасы кеңсесінің залында Балқаш, Приозерск, Ақтоғай және Шет аудандарының мемлекеттік органдары мен ҮЕҰ өкілдері үшін көшпелі екі күндік семинар-тренинг өткізіледі.
Семинар тақырыбы: «ҮЕҰ-ды мемлекеттік қаржыландыру. Әлеуметтік-маңызды жобалар»
Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының белсенді азаматтық ұстанымы әрқашан лайықты және маңызды екенін көрсете білді. Облыстың көптеген ҮЕҰ көшбасшылары тек өңір аумағында ғана беделді емес, сондай-ақ республикалық және халықаралық алаңдарда өз тәжірибесін танытуда. ҮЕҰ басшылары мен мамандарының басым бөлігі халықаралық мамандықтарға ие және өз саласында сұранысқа ие жаттықтырушылар болып табылады. Осы жетістіктердің барлығы коммерциялық емес сектордағы дамумен және жетістіктермен қатар атап өтіледі. Көп жағдайда бұл ұйымдар мемлекеттік сектормен тұрақты ынтымақтастықты және бейінді ұйымдармен серіктестік желісін ретке келтіре алды.
«Қарағанды облысында үкіметтік емес ұйымдарды қолдау» жобасы аясында Балқаш қаласындағы көшпелі іс-шарада тұрақты дамудың 15 жылдық тәжірибесі туралы Т. Савицкая айтып береді. Ол бірнеше ұйымды ашып қана қоймай, олардың барлығы табысты жұмыс істеуіне ықпал етіп отыр.
Семинар-тренинг және пікірталас алаңы барысында теориялық негіздер, практикалық кейстер, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ өкілдері және өңір белсенділері арасындағы диалог қарастырылған.
Іс-шараның модераторы және жаттықтырушысы:
Татьяна Савицкая – «ЦРК-Диалог» ЖМ директоры, «ОЗАРЕНИЕ» ҚҚ президенті, Қарағанды облысының кәсіпқой медиаторлар қауымдастығының жетекшісі. ҚОММ үйлестіру кеңесінің мүшесі.
#cisc2020 #qogamgov