Караганда, ул.Гоголя, 31, каб. 201, 204 | +7 (7212) 400861 400862

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 2019 жылғы 19 қыркүйекте

«Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі «Мейірімді Жүрек» қоғамдық бірлестігімен қоса ҚР Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясындағы «Қарағанды облысында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы бойынша 2019 жылғы 19 қыркүйекте қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдеріне арналған «Консультативтік-кеңесші органдардың қоғамдық мүдделер үшін тиімді жұмыс істеу шарттары» тақырыбында пікірсайыс алаңын өткізеді. 

Пікірсайыс алаңы барысында келесі мәселелер қарастырылады: 

* Қазақстандағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметінің тиімділігін арттыру жолдары? 

* Азаматтардың консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне қатысуға және оны дамытуға деген қызығушылыққа қол жеткізудің тетіктерін арттырудың жолдары? 

Өткізілу жері: Жезқазған қаласы, Алаш даңғылы 1, қалалық әкімшілік ғимаратының конференц-залы (3 қабат) 

Өткізілу күні: 19 қыркүйек 2019 жыл 

Өткізілу уақыты: 10.00 - 13.00 дейін. Тіркеу сағат 09.30 ден басталады. 

Байланыс телефондары: 77 – 30 - 52 

Тілеміс Ә.О. 8 776 666 65 23