Караганда, ул.Гоголя, 31, каб. 201, 204 | +7 (7212) 400861 400862

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде іс-шараларды қалай өткізуге болады

Қарағанды облысының ҮЕҰ қолдауға арналған азаматтық орталық 
Е.Петренко 

Біздің барлық өміріміз іс-шаралардан тұрады. Оның табысты өтуі оның қалай дайындалғанына байланысты. Дайындықсыз сабақ білім бермейді немесе одан бетер олардың астын-үстіне шығарады, дайындықсыз сату процесі қажетті түсім бермейді, дайындықсыз маршрут жүргізушіге да, жолаушыларға да пайда әкелмейді және т.б. және т.с.с. 

Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, іс-шараны өткізбес бұрын командаңызды анықтап алыңыз! Команда көп нәрсені анықтайды! Жалғыз өзіңіздің іс-шараларды жүзеге асыруға шамаңыз жетпейді және кездейсоқ адамдармен де жұмыс істеуге болмайды! 

Барлық іс-шараларды мақсаты мен мазмұны бойынша бөлуге болады. Олар тәрбиелік немесе үйретуші болады. Бірақ көбінесе олар бір мезгілде оқытады және тәрбиелейді. Бұл іс-шараның қандай мақсаттарды көздейтініне және оның қандай «жанрда» өткізілетініне байланысты. Олардың кейбірін қарастырайық. 

Акциялар – қандай да бір мәселеге немесе тақырыпқа назар аудару мақсатында өткізіледі және олар әдетте ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді және бірден белгілі бір нәтиже береді. 

Дебаттар мен пікірталастар – мазмұны жағынан жақын іс-шаралар, бірақ дебаттар өз көзқарастарына және платформасына топтың жаңа мүшелерін тарту мақсатын көздейді, ал диспут пікір алмасуды және пікірлердегі ұқсастықты немесе айырмашылықтарды іздестіруді көздейді. 

Дөңгелек үстелдер – оларды өткізу мақсаты тек жағдайға немесе мәселеге қатысты пікір мен көзқарас алмасу ғана емес, сонымен қатар олардан (мәселелерден) шығу жолдарын бірлесіп іздеу болып табылады. «Дөңгелек үстел» өткізу барысында қойылатын басты сұрақтар - НЕГЕ? ҚАЙДА? ҚАЛАЙ? Осы сұрақтарға жауаптарды міндетті түрде іздеу ретінде «НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?» деген сұрақтар «патшасы» қойылады. 

Клубтық кездесулер – ұзақ уақыт бойы бір мақсат үшін жұмыс істейтін кездесулер. Бұл кездесулер, әдетте, өткен уақыт бойынша қорытынды шығарады және одан арғы іс-қимыл стратегиясы мен тактикасын әзірлейді. Қорытынды шығару шығармашылық есеп беру түрінде, шеберлік-класстарды өткізумен көрнекі өнер көрсету түрінде өткізілуі мүмкін. 

Ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар – саны айтарлықтай көп қатысушылардың бір тақырыпты әртүрлі қырынан, әртүрлі көзқарас пен пайымдар тұрғысынан талқылайтын іс-шара. Бұл іс-шараны өткізу алдымен бір үлкен пленарлық отырысты, содан кейін топтарда жұмыс жасауды көздейді. Әрбір топ авторлардың хабарламасын міндетті түрде талқылайды, мәселені шешудің ұсынылып отырған процесін немесе талқыланатын тақырыпты мақұлдайтындарын айтады, сын айтады, теріс және оң жақтарын айтады, содан кейін жиналғандардың екінші жалпы (Пленарлық) отырысында есептелетін жалпы пікір мен пайымды әзірлейді. Әдетте, ғылыми-практикалық конференцияны өткізу алдында мақалалар жинағы шығарылады. 

Ғылыми және практикалық зерттеулер – бір нәрсенің заңдылықтарын, себептері мен салдарларын іздеу мақсатында өткізілетін іс-шаралар. Процесс құбылыстары, оқиғалары. Әдетте, бұл зерттеулердің қорытындылары баспасөзде, ғылыми жинақтарда баяндалады немесе жарияланады, «дөңгелек үстел» отырыстарында, конференцияларда талқыланады. Зерттеу процесіне өте мұқият қарау керек. Қолда бар зерттеулерді қайталамау немесе одан да нашары, оларды әлсіз және «әуесқой деңгейде» жүргізбеу үшін жақсы білім мен мәселені түсіну білу қажет. 

Мерекелер – қандай да бір жағдай, күн, оқиға бойынша өткізілетін іс-шаралар. Мақсаты тәрбиелеу деуге болады. Отансүйгіштікке, Отанға деген құрметке, сүйіспеншілікке, халық дәстүрлеріне деген мақтаныш пен қызығушылыққа, төзімділікке, т. б. тәрбиелеу. 

Семинар – қазіргі заманғы адамға қажетті жаңа көзқарастарды, ептіліктерді, дағдыларды оқыту немесе тәрбиелеу жөніндегі іс-шаралар. Семинар – үкіметтік емес ұйымдар арасында кең таралған оқыту түрі. 

Тренингтер – қатысушылармен жұмыс жасаудың мұндай түрінде үлгісі жасанды жағдай қоғамда, ұжымда, қоғамдастықта бар жаһандық және көлемді мәселені көрсете алады. 

Фестиваль – ол қандай да бір саладағы жетістіктерді, дағдыларды, іскерлікті көрсететін мерекелік жиналыс болып табылатын іс-шара. Фестивальдар спорттық, шығармашылық, жұмысшы кәсіптер бойынша, халық кәсіпшіліктері бойынша, қолөнершілік биіктіктерінің жетістіктері бойынша т. б. болуы мүмкін. 

Бірінші кездесу өткізілген кезде команда мүшелері бірден тапсырмалар алады және әрқаймымы не нәрсе үшін жауапты екендерін түсінеді. Жұмыс жоспары бірден әзірленеді, онда жұмыстың барлық түрлері, оларды орындау мерзімдері, жасалған жұмыстың соңында не ұсынылуы тиіс екені және, әрине, жауаптылар көрсетіледі. 

Әрбір мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өз «техникалық ерекшеліктері» бар деуге болады. Тапсырыс берушінің көзқарасы бойынша жобаны орындау шеңберінде өткізілуі қажет іс-шаралар мен олардың санын дәл солар анықтайды. Техникалық ерекшеліктер адамдардың іс-шараларымен сандық қамтылуын да көрсетеді және олар, техникалық ерекшеліктер, қандай да бір жұмыстың, қандай да бір іс-шараның өткізілу ұзақтығын реттейді. Орындаушы іс-шараларды өткізе отырып, шығармашылық тәсілдеме таныту арқылы талаптан тыс қосымша іс-шаралар өткізе алады, бірақ тапсырыс беруші көрсеткен іс-шаралар санын алмастыра немесе қысқарта алмайды. 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсына қатысудан бұрын, өз мүмкіндіктеріңіз бен жобаның техникалық ерекшеліктерін талдаңыз. Кейде тәжірибенің, білімнің, кәсіпқойлықтың және қызмет саласы ерекшелігінің жетіспеушілігінен іс-шаралар өте әлсіз деңгейде өтуі немесе тіптен «құлауы» кездесіп жатады. Ал бұл сіздің жеке имиджіңіз ғана емес, бұл барлық үкіметтік емес сектордың және тіпті мемлекеттің имиджі. 

Іс-шараны жақсы өткізу шарттарының бірі – орынды таңдау. Дұрыс таңдалған орын сізге 40% табысқа әкеледі. 

Бір шарт: егер сіз іс-шараны көшеде, алаңда, саябақта өткізсеңіз, бұл туралы алдын ала тиісті қызметтер мен органдарға хабарлануы тиіс. 

Кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, семинар-тренингтер өткізу үшін жиһазды, үстелдерді, орындықтарды жылжытуға болатын залды таңдау керек, өйткені жұмыс істеу үшін бұл кейде өте қажет болады. 

Үлкен конференц-залдарда конференциялар, фестивальдар өткізіледі. 

Мейрамдар үшін шағын залдарды таңдау керек, онда акустика жақсы және мереке жүргізушілердің, көрермендер мен ұйымдастырушылардың зал бойынша қозғалуға мүмкіндіктері болады. 

Сценарий туралы бірнеше сөз. Сценарийді жазар алдында «жұмыс жоспарын» құру керек. Онда іс-шараны жүргізу және оның кезеңдерін өту, сондай-ақ барлық дайындық немесе алдын ала жұмыстар кезектілігін «нобайлау» қажет. Онда осы уақытта сахнада немесе оқиға басында болатын адамдардың сөздерін тізіп жазу міндетті емес. Сіз тек тезистерді жаза аласыз. 

Сценарийдің сол жақ шетінде, әдетте, іс-шараның өту уақытын белгілеу үшін орын қалдырылады. Диалогқа, монологтарға, концерттік нөмірлерге және басқа да іс-әрекеттерге жұмсалатын уақыт. 

Сценарийлер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізілген іс-шара бойынша есептің қажетті құжаты болып табылады. 

Сценарийге іс-шараға қатысушылардың барлық сөздері жазылады, іс-әрекеттердің барысы мен кезектілігі жазылады, сондай-ақ декорациялар, безендіру, қақпа сөздер, сыбыр сөздер нақтыланады. 

Жүргізушіге іс-шараны өткізу барысында сценарийді көз алдында ұстауға болады. 

Іс-шараны дайындау кезінде оның бюджетіне аса назар аудару қажет. Жоба аясында барлық ұсақ-түйектерді, барлық ірі және маңызды шығындарды ескеру қажет. Дұрысы, бұл есептеулерді іс-шараны материалдық қамтамасыз етуге жауапты тұлғаны тағайындай отырып, кестеге салған жақсы. 

Міне, дайындық кезеңін аяқтау – баспасөз хабарламасын жазу. 

Жақсы жасалған баспасөз хабарламасы журналистердің барлық сұрақтарына жақсы жауап беруге көмектеседі. Онда мына төрт сұраққа жауап көрсету қажет: 

«Іс-шараны кім, қай жерде, қашан өткізеді және іс-шарада нені білуге, естуге болады». 

Міне, өткізілген іс-шараның қорытындысы мен талдауы – жобаның ең маңызды бөлігі. Қорытынды шығарып, талдау жасау тек жақсы жағынан қаралуы қажет. Қателер – бұл сабақтар. Олар бар болғаны жақсы, демек, одан әрі жұмыс істеу керек. Мамандар тіпті ең сәтсіз іс-шараның 

өзінің жақсы жағы да, жаман жағы да бар екенін айтады. Қателіктерді көруді үйреніңіз және өзіңіздің басқа іс-шараларда көретініңізге шақтап көріңіз. Солардан үйреніңіз. Бір сценарий бойынша жұмыс істесеңіздер де, бәрібір бірдей болып шықпайды.