Караганда, ул.Гоголя, 31, каб. 201, 204 | +7 (7212) 400861 400862

Жақсы істе ұсақ-түйек болмайды

Қарағанды облысының ҮЕҰ қолдауға арналған азаматтық орталық

Ең жақсысын үйренеміз. Табыс тарихы.

Н.Красникова  

 

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз! 

Мен біздің әрқайсымызды Отанымыздың гүлденуіне өз үлесімді қосуға шақырамын!

Сындарлы қоғамдық диалог – келісім мен тұрақтылықтың негізі.

Өздеріңіз білетіндей, Ұлы Абай алтыншы қара сөзінде: «Бірлік ақылда болуы тиіс» деп жазған. 

Елбасының «Халық бірлігі – біздің ең құнды игілігіміз».

«Келісім мен бірлік, даналық пен өзара түсіністік біздің алға жылжуымызға ықпал етеді. Біздің мақсатымыз айқын, жолымыз ашық» деген қанатты сөздері біздің тұрақты қағидат болып қала береді. 

Қасым _Жомарт Тоқаев . 

Президенттің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы 


Бізге арналған және біз туралы сөздер. Үкіметтік емес ұйымдар туралы, азаматтардың алаңдаушылығы туралы, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірлескен қызметі туралы. Ал үкіметтік емес сектор –азаматтық қоғам институтының ең маңызды, тіпті ең басты құрамдас бөлігі болуы мүмкін. Бұл біздің шындық туралы әңгіме. Және нақты тапсырмалармен. Нақты нұсқаулармен. Мысалы: «Белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын".

Ал барлығы қалай басталды? Қалай біздің қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар жалғыз барлық посткеңестік кеңістікте мемлекеттік органдармен бірге өмір сүруге, жұмыс істеуге, әрекет етуге, өзара түсіністік пен жақсы серіктестік қарым-қатынаста өмір сүру тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болды.

Басы қиын болды. Кеңес Одағының ыдырауы кезінде, кәсіпорындар жабылып қалған кезде, еңбекпен табылған ақшалар төленбеген кезде, халық жоқшылыққа ұшырай бастаған кезде, және осымен қатар басқа да әлеуметтік мәселелерді туынадаған кезде, кейбір азаматтар өз мәселелерімен біріге бастады, ал кейбір кәсіпқойлар өзінің негізгі қызметінің шеңберінен шыға бастады. Сол кезде елімізде және біздің облыста алғашқы белсенді ҮЕҰ пайда бола бастады. Атап айтқанда, «Кредо» ҚБ, оны профессор, медицина ғылымдарының докторы Надежда Вениаминовна Козаченко басқарады, «Сау ұрпақ» ҚБ, оған үлкен еңбек өтілі бар педагог Елена Анатольевна Носырева жетекшілік етеді, қазіргі таңда өз қызметін жүзеге асырып отырған «Детство» мемлекеттік емес ұйымы, «Граждане Казахстана» ҚБ, жетекшісі Даниил Гоголь болды. Олардың қатарына мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсететін кейбір ұйымдар тұрып, олардың соңынан кәсіпкерлер ұйымдары тартылып, белсенді, жігерлі жастар бірлестіктері тіркелді.

Қиын волонтерлік жұмыс басталды. Кейде біздің ұйымдар шетелдік донорлардан гранттар алды, оларды тек Қарағанды аумағында ғана емес, барлық Қарағанды облысының аумағында табысты жүзеге асырды. Осы уақыт аралығында біз көп нәрсені үйрендік. Бір-бірімізбен үйрендік, маңдайымызды ұра отырып үйрендік. Қиын мәселелерді шешуде шығармашылық тәсілдемені қолдануды үйрендік.  Тәжірибе жинадық. Еңбек еттік және бір-бірімізді жаңа қырымыздан таныдық.Сол кезде түпкі ойы жақсы істе ұсақ-түйек болмайды деген сенім пайда болды. Кейде ұсақ-түйек жақсы жұмыстың соңғы нәтижесін бұзуы мүмкін. Осы уақытқа дейін бұл құпия ҮЕҰ жұмысында бастысы және дәлелдісі болып қала береді.

Екінші мыңжылдықтың басында ҮЕҰ қызметіне мемлекеттік органдар назар аудара бастады. Белгілі бір міндеттер мен проблемаларды шешу үшін қаражат бөліне бастады. Сол кезде мұның шешімі табылды: тек 10-15 ұйымның ғана емес, ондаған, тіпті жүздеген қайырымдылық көмек алушылардың немесе ҮЕҰ-да айтылатындай, бенефициарлардың мүддесін білдіретін бір пікірлестер ұжымына, қауымдастыққа бірігуіміз керек. 2005 жылы осы ұйым – Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының Азаматтық Альянсы құрылды. Ол Альянс Белсенді, Шығармашыл, немқұрайлы емес, жауапты және нағыз патриоттарды біріктірді, оны жылдам ойлау қабілеті бар, ой-өрісі кең, керемет сүйкімді әрі жігерлі және ер мінезді адам Гүлнар Құрбанбаева басқарды.

ҚОАА миссиясы, міндеттері

ҚОАА миссиясы:

 Қоғамның барлық салаларында демократиялық реформаларды жеделдету және тереңдету процестеріне ықпал ету мақсатында Қарағанды өңірін және жалпы Қазақстанның әлеуметтік дамуы саласындағы бірлескен қызмет үшін «Қоғам-ҮЕҰ-Билік» қоғамдық құрылымдарын шоғырландыру

 Негізгі міндеттірі:

- Қоғам мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тұрақты ұзақ мерзімді жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу

- Мүшелік ұйымдардың қызметін шоғырландыру және үйлестіру

- Мүшелік ұйымдардың қызметін құруға, бірігуіне және дамуына жәрдемдесу, олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету және олардың әлеуметтік-қорғау функцияларын күшейту.

- Экономикалық және моральдық-адамгершілік мүдделілікті үйлестіру негізінде Қазақстан Республикасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру. 

«Бүгінгі таңда өзара пайдалы жұмыстың нәтижесі ретінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы жүйелі және ретті сипатқа ие болды. ҮЕҰ қызметі қоғамның азаматтық белсенділігінің өсуіне ықпал ете отырып, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру жүйесі салаларында, экологиялық проблемаларды шешуде одан әрі жанданады», - дейді Гүлнар Төретайқызы.

Бүгінде Қазақстанда ҮЕҰ қызметінің нормативтік-құқықтық базасы қалыптасты деп сеніммен айтуға болады. 2009 жылдан бастап билікпен диалогтық сөйлесу алаңы пайда болды. Бүгінде тек бұл диалогтың сапасын жақсартуға ғана ұмтылу керек. Егер бұрын тек үкіметтік емес секторды қолдау туралы сөз болса, енді әріптестікті дамыту туралы сөз болады. Бүгінде ҮЕҰ қоғам мен мемлекет арасында делдалдардың рөлін атқарады. Бұл әлеуметтік серіктестік оң нәтиже береді.

Анықтама  «Соңғы 5 жылда Қарағанды облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 25,7%-ға артты. Сонымен қатар, ҮЕҰ арнап тиімді жұмыс үшін сыйлықтар қарастырылған. 2015 жылдың соңынан бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың гранттар мен сыйлықтар түріндегі жаңа нысандары енгізілді. 2016 жылы ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға 11 мемлекеттік грант бөлінді."Ағымдағы жылы мемлекеттік органдар тарапынан Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының донорлары Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі болды. Бөлінген қаражат 208 миллион теңгені құрады».

 Президент Жолдауына қайта оралайық. Бізге мемлекет сенеді, бізге халық, бенефициарлар сенеді және сенім артады. Бізде жақсы жұмыс тәжірибесі бар. Біздің қолымыздан көп нәрсе келеді. Тек бір кездері меңгерген керек жақсы істе ұсақ-түйек болмайтыны туралы сабақты ұмытпау керек. Жақсыны үйренеміз.