Караганда, ул.Гоголя, 31, каб. 201, 204 | +7 (7212) 400861 400862

Жақсыдан үйренейік. Табыс тарихы.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

Орталық ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен « Қарағанды облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту «мемлекеттік гранты шеңберінде «азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландырылады 

Жақсыдан үйренейік. Табыс тарихы. 

Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдары жетістігінің ойдан тыс оқиғасы. 

Н.Красникова 

krasnokovaҚазақстан спортының болашағы туралы ойлау 

Бұл жетістіктің тарихының басталуы, соншалықты табыс керек болғаннан емес. Көмек қажет еді. Шұғыл және кідіріссіз. Көмек бір немесе екі адамға емес, бүкіл Жезғазғандық жас спортшыларға және олардың көптеген спорттағы жеңісіне, және бір сәттік өркениеттің жиегінде бола алатын балалардың ата-аналарына, сондай-ақ, аз қамтамасыз етілген,бір күн аштық, бір күн тоқтықта отырған отбасыларға, денсаулықты бәрінен жоғары қоятын Жезқазғандық спортшыларға керек болды. 

Қайғы күтпеген жерден және болжамсыз келді. Ғимарат иесі Жезқазған балалары тегін негізде спортпен шұғылданып жатқан жаңа спорт кешені, тиімсіз деп шешті. Шығынды. Және ғимарат иесі ғимаратты сатуға шешім қабылдады, ал ұлдар мен қыздарды қуып шығуды жөн көрді. Ол кезде спорт кешені спортшылардың бес спорт түрінен жаттығумен айналысты. Және 500 балаға спортпен шұғылданудан «бас тартатыны» туралы шешім олардың жаттықтырушыларын есеңгіретіп жіберді. 

- Біз төртеуміз экономикалық күресте өзіміздің көз қарасымызды алға тартамыз деп шештік. Өзіміздің әлемдік, жәнеде спортта жеңістеріміз болғандықтан, экономикалық күреске жалаң қол кірісе кеттік. 

Өзіміз барлық қаржы қорларын бірге қостық, қарызға да кірдік, бірақ сауда-саттыққа қатысу үшін қаражат аз болды. Ақыл болса бақыр табылыр дегендей, «Кім қанша береді?» сонша жинадық. Белгілі адамдар, ата-аналар, атақты спортшылар, жерлестер мен достарымыз қол ұшын созды. 

Біз қажетті ақша жинадық, ғимаратты сатып алдық және балалармен жаттығуды тегін жалғастырдық. Кейін өзіміздің «Спортты дамыту орталығы» ҚБ тіркедік. Кешке ересек адамдарға ақылы қызмет көрсете 

бастадық- дейді, осы оқиғаның идеялық шабыттандырушысы Саят Балмағамбетов. 

Жезқағанның бүгінгі спорт орталығы - өзін-өзі өтеу негізінде ғана жұмыс істейтін заманауи көпсалалы спорт ғимараты. Онда спорттың екі ондық түрі дамиды. Жезқазған үшін дәстүрлі бокспен және күреспен қатар футбол, теннис, садақ ату қарқын алып келеді. 

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында бізге көңіл бөліне бастады. Қазір, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жаттықтырушылар еңбекақы алады және біз жан-жаққа жарыстарға да барудамыз. Әр спортшыға арналған жарыс-бұл жеңістердің баға жетпес тәжірибесі. Жоғары жетістіктер мен табыстарға жол. 

- Бүгін бізде тіпті шағын хостел жұмыс істейді, - деп жалғастырды осы жетістіктің тарихының басқа кейіпкері-кешен жетекшісі Ташкенов Еркін.- Осы уақыт ішінде біз разрядтаушылар мен спорт шеберлерін өсірдік. Балалар - аяғының астында тұтас шашыраңқы шашылған асыл тастар сияқты. Тас бедерлегендей, демеп жіберсең гаухар тастай жарқырап шыға келеді. 

Ол жаттығудан кейін құрылысшы қызметіне кірісуге асығады. Олар өз залдарын кеңейтуде. Өз күштерімен тағы бір күрес залын екі кілемге жапсарласа салуда. Өздері. Қандай да бір көмексіз. Күннің бір бөлігі-жаттықтырушы, екінші бөлігі-құрылысшы. 

Бұл өз ісін сүйетін азаматтардың асқақ арманы бар: спорт залында мектеп-интернат құру. Спорттық. Көршілес жердегі жалпы білім беретін мекетепке балалар жүгіріп барып келсе, ал мұнда, залдарда жаттығатын болады. Мұнда, жатақханада, спорт кешенінде өмір сүреді. Ата-аналар өз балаларын халықаралық чемпиондардың қолына қуана береді, ал олар өз дегендері бойынша тек спортшыларды ғана емес, сондай-ақ патриоттарды, белсенді азаматтарды, дені сау ұрпақты жетілдірмек. 

Міне, бұл жетістіктің тарихы осындай!

1 2

           3                                  4

 

#cisc2020 #qogamgov