Караганда, ул.Гоголя, 31, каб. 201, 204 | +7 (7212) 400861 400862

Пресс-релиз вебинар «Бақытты болғың келсе» (Хотите быть счастливым)»

ПРЕСС РЕЛИЗ

«Бақытты болғыңыз келсе» тренингтің  мақсаты мен міндеттері.

1.Тренингтің мақсаты.

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас ел-жұрттар бәсекелестік қабілетін арттырғанда ғана табысқа жету мүмкіндік екеніне көз жеткізген. Ал бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – жекелеген феноменнің яки ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарық бағасына өнімінің яки қызметінің сапасымен өзгелерден ұтымды дүние ұсынып, ықпал етуге қабілеттілігі. Бұл тұста әңгіме материалдық өнімге ғана емес, сондай-ақ білімге, қызмет көрсету сапасына, зияткерлік өнімге, еңбек ресурсының сапасына да қатысты. Бұл аксиома-пайым мемлекетіміз басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты (2017 жылғы сәуірде жарияланған) мақаласында да көрініс тапты.

Менің қазақтілді оқырман назарына ұсынып отырған дүнием де осымен өзектес – іскер адамның өзін-өзі басқаруға қажетті ұстаным-дағдылары жөнінде. Бұл тақырыпты кеңінен ұғынуға бізге американдық атақты оқымысты Стивен Кови жазған «Жоғары нәтижеге ұмтылған адамның 7 дағдысы» кітабы көмектеседі. Ол өз еңбегін ұлы адамдар өмірін, дағдылары мен принциптерін, мінез-құлықтық этика-әдебін жіліктеп талдап, сол анализдерден синтезделген шешімдер негізінде жазған. Бұл ілім табиғатпен жарасымды гармонияға жетіп, сапалық тұрғыда дамыған, табысқа жетуге талпынған адамды қоғамнан лайықты орын табуға, қысылтаяң-қиын ситуацияда (жағдаятта) өмірін, қолға алған ісін сақтап қалу үшін шұғыл амал-реакция жасауға үйретеді. Бір аптада 7 күн болатыны секілді, бұл уағыздар өмірлік принципі айқын адамның Жеті Дағдысын – жеті қырын тануға арналғандай. 

2.Тренингтің міндеттері:

Адам - робот емес, қуыршақ емес, догма-қағидаттармен ғана жүретін діни фанатик емес, өзін-өзі сыйлайтын жан өз ақылымен позитив шешімге келе алады. Қысқасы, адам өз ғұмырында ар-ождан құндылықтарына қаншалық адал болса, соншалық өз мүмкіндігін өмір жүзінде пайдаланып-қолдана алады. Яғни адамзат қоғамында ғасырлар бойы щыңдалып-сыннан өткен негізгі принциптер мен даусыз ақиқатты басшылыққа алған жан кез-келген ситуацияда өзінің сенім-бекемдігін көрсете отырып, тығырықтан шығар жолды позитив шешіммен табады.

Өмірде мінез-құлқы мен іс-әрекеті заң қарпіне де, ақылға да көнбейтін, ғарыштық тылсым күшке ғана бағынатын аса сирек жандар (көріпкелдігі бар әулиелер)болады. Ал табиғат сыйлаған қабілет-дарынының ашылмауы, пайдаланылмай қалуы адамның өзіне байланысты. Кейде сол дарыны қиналғанда ашылатын асқан өмірсүйгіш жандар болады: ақынның керемет өлеңі, суретшінің ұлы картинасы жаны шырқырағанда жазылады. Ұлы ойшыл Виктор Франкл өзінің әйгілі «Өмір мәнін іздеген адам» кітабын нацистік концлагерде азаппен арпалысып жүріп, жігері мен өмірге деген махаббаты жалындап жүріп жазған.  

Адамның өмірі жыл мезгілі тәрізді өтеді: оның да мамыражай жазы бар, апшыңды қуыратын қақаған қыс секілді қасіретті күндері бар, алуан жеміс пісетін сарала күздей, көпжылғы еңбегіңнің құрметін көретін ардагерлік кезеңі бар. Мұны естен шығармау жәнеқандай жағдаятқа да әзір болу, оған өзіңді-өзің дайындауың керек болатыны саналы жанға түсінікті.

қалыптастыруға ықпал жасау;

3.Тыңдаушылардың міндеттері:

Мінез-құлық этикасы нәтижелі өмір сүру үшін және адамның үлкен жетістіктерге қол жеткізуі мен бақытты болуы үшін керек. Ендеше осы мінез-құлықты бойға сіңіріп-қалыптастыру қажеттігі туындайды. Бұл табиғи заңдылықтармен санаса отырып жасалатын жеке тұлға бейнесі - аралық қатынастардың қарапайымнан күрделіге, жүйелі жоғары деңгейге біте-қайнасу процесі. Ол дегеніміз - тәуелділіктен тәуелсіздікке жеткізетін кемелдену жолы.

ТРЕНИНГТІҢ тақырыптық жоспары

ТаҚырыптыҢ   атауы

Тренинг

сағаттары

1.

Жеті дағды дегеніміз не?

1.5

2.

Жеке бастың жеңісі

1.5

3.

Қоғамдық жеңіс

1.5

4.

Жаңару

1.5

Барлығы

6 сағ.

«Жеті дағды»дегеніміз белгілі психологиялық техника немесе формулалар жиынтығы емес.Бұл табиғи заңдылықтармен санаса отырып жасалатын жеке тұлғалар ара-қатынастарының қарапайымнан күрделіге қарай жүйелі әрі жоғары деңгейде бірігу процессі. Ол - тәуелділіктен тәуелсіздікке жеткізетін есею, кемелдену жолы.

ПРЕСС РЕЛИЗ

Уважаемые коллеги, спешим вам сообщить, что ОЮЛ «Ассоциация «Гражданский Альянс Карагандинской области» проводит вебинар на тему: «Бақытты болғың келсе» (Хотите быть счастливым)» в рамках проекта «Организация и развитие гражданского центра для поддержки неправительственных организаций по принципу «одного окна» в Карагандинской области». Проект реализуется в рамках государственного гранта НАО «Центр поддержки гражданских инициатив»  при поддержке Министерства информации и общественного развития РК. 

Мероприятие будет проводиться в онлайн режиме на платформе ZOOM,21 мая 2020 года в 14:00ч.

1.Цель тренинга 

Сегодня не только отдельно взятый человек, но и целые народы и страны лишь при наращивании конкурентоспособности понимают, что успех – это возможность. А конкурентоспособность – это личностный феномен, или же способность нации предложить на региональном или глобальном рынке качественный, выгодный продукт или услугу, и тем самым иметь влияние. В этой связи, речь пойдет не только о материальном товаре, а также коснется образования, сферы услуг, интеллекта. Это мысль– аксиома нашла отражение и в статье Президента страны «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания», опубликованной в апреле 2017 года. 

Мой труд, предназначенный для казахскоязычной аудитории, посвящен принципам и навыкам самоуправления делового человека, и созвучен с этим. Глубоко понять эту тему поможет книга известного американского ученого Стивена Кови «7 навыков высокоэффективных людей». Он написал свой труд на основе анализа жизней великих людей, их навыков и принципов, этики и привычек их характеров, а также синтезированных решений этого анализа. Это учение помогает развитому, устремленного к успеху человеку, найти  свое  место в обществе, в экстремальных ситуациях с помощью молниеносной реакции сохранить свою жизнь, свое дело, а также найти гармонию с природой. Подобно тому, как неделя состоит из 7 дней, эти проповеди, как будто, созданы для познания Семи Навыков с семи сторон. 

 

2.Задачи тренинга 

Человек – не робот, не игрушка, не религиозный фанатик, который подчиняется догмам и принципам, человек, уважающий сам себя, своим умом дойдет до позитивного решения. Короче говоря, насколько человек в своей жизниверен ценностям своей совести, настолько он пользуется своими возможностями в жизни. То есть,человек, взявший во главу основные принципы и бесспорную истину, проверенных и испытанных на протяжении веков в человеческом обществе, найдет выход из любого кризиса с помощью позитивного решения, показав свою устойчивую верув любой ситуации. 

В жизни редко встречаются люди, которые не подчиняются характеру, законам, даже разуму, но подчиняются только силе космических чудес. А неиспользование природных даров, их нераскрытие связано лишь с самим человеком. Иногда бывают особо жизнерадостные люди, у которых таланты проявляются при трудностях: стихи появляются у поэта, у художника картины пишутся лишь тогда, когда болит душа. Великий мыслитель Виктор Франкл свою знаменитую книгу «Человек в поисках смысла» написал, находясь в нацистском концлагере, когда его воля и любовь к жизни превозмогли все трудности и лишения. 

Человеческая жизнь проходит, подобно временам года: у нее есть и жизнерадостное лето, и тяжелые времена, подобные суровой зиме, и времена, похожие на осень, когда пожинаем плоды многолетнего труда. Разумному человеку понятно, что нельзя забывать об этом и всегда нужно быть готовым к любым ситуациям, готовить себя ко всему.  

 

3.Задачи слушателей: 

Этика характера необходима для того, чтобы иметь результативную жизнь, достигать больших успехов и быть счастливым человеком. Поэтому появляется потребность сформировать и воспитать этот характер. Это облик личности, которая создается в соответствии с законами природы, - это процесс становления взаимоотношений от простых к сложным, до системного высшего уровня.

 

Тематический план тренинга

название темы 

Часы тренинга 

1.

Что означает семь навыков? 

1.5

2.

Победа личности

1.5

3.

Общественная победа

1.5

4.

Обновление

1.5

Итого

6ч.

 

«Семь навыков» - это не психологическая техника или набор формул.Это объединительный процесс отношений личностей от простого к сложному, учитывающий природные закономерности, проходящий системно и на высшем уровне.Это путь развития от зависимости к независимости, путь к мудрости.