Қарағанды қ. Гоголь көш 31, каб 201,204 | +7 (7212) 400861 400862

Орталық жұмысы

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 


Орталық ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен

«Қарағанды облысында «бір терезе» қағидаты бойынша 

үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін азаматтық орталықты

ұйымдастыру және дамыту» мемлекеттік гранты шеңберінде

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландырылады


 

kurb 2020(Құрбанбаева Гүлнар, «Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы» Ассоциациясы ЗТБ президенті)

Қарағанды облысындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Азаматтық орталық

Қарағанды облысында «бір терезе» қағидаты бойынша азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» бағыты бойынша «Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету үшін азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту». «ҮЕҰ шешім қабылдау және ҮЕҰ тұрақтылығын арттыру процесіне ҮЕҰ қатысуын кеңейту» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қаржылық қолдауымен ҮЕҰ азаматтық орталығының гранттық жобасы ретінде құрылды және жұмыс істеді.

Екінші жылдай, жоба ұзақ мерзімді ретінде Қарағандыда өз қызметін жүзеге асырды.

2020 жылы, қаңтар айының соңында, Орталық 2019 жылы басталған жұмысын жалғастырды. 2020 жылдың жұмыс жоспарына оқыту семинарларын өткізу, ұйымдардың, белсенді азаматтардың жеке консультациялары, пікірталас алаңдарын өткізу, әдістемелік құралдарды шығару және «Вектор инфорум» ҮЕҰ арналған журналда бірқатар мақалалар жазу бойынша іс-шаралар енгізілді. Бірақ пандемия өз түзетулерін жасады. Барлық жұмысты Орталық қызметкерлері «он-лайн» режиміне ауыстырды. Тиімділік пен шапшандылық үшін «WhatApp-та» жұмыс тобы құрылды. Оған жетпіске жуық ҮЕҰ, белсенді азаматтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Жұмыс нәтижелерін талдай келе, Орталықта өткен жылмен салыстырғанда ғана емес, жоспарланғандармен салыстырғанда да көп іс-шаралар өткізілгені белгілі болды. Тек ұйымдардың өкілдерімен және жекелеген белсенді азаматтармен консультациялар екі есе көп өткізілді!

Кейбір ұсыныстар мен өтініштер азаматтық қоғам тарапынан нақты көмек пен араласуды талап етті. Мысалы, қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасына көмек көрсету.

Орталықтың ерекше еңбегі бастамашыл топтар мен белсенді азаматтарға заңгерлік көмек көрсету болып табылады. Дәл осы жұмыстың арқасында облыстағы орталық мамандары тіркеліп, 5 жаңа ұйым өз қызметін бастады. Оның төртеуі Қарағандыда, біреуі Балқашта.

Орталықтың жұмысын ұйымдастырудағы маңызды және сенімді серіктесі «Вектор инфорум» журналы болды. Журнал Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ҮЕҰ қолдау мақсатында көп жылдан бері жарық көріп келеді. Бұл журналда әртүрлі айдарлар бойынша 30 мақала орналастырылды. «Жақсыларға қарап үлгі аламыз» айдары ҮЕҰ жұмысының жақсы тәжірибесі туралы айтып берді. «ҮЕҰ академиясы» айдарында облыстың үкіметтік емес ұйымдарының жұмысына көмектесетін әдістемелік материалдар орналастырылды. Және оларға ғана пайдалы емес. Бұл материалдар кез-келген мекемедегі іс-шараларды ұйымдастыруға көмектеседі. Азаматтық қоғам туралы бірқатар шолу мақалалары біз өмір сүріп жатқан қоғамның әртүрлі құрылымдарының өзара іс-қимылын түсінуді және маңыздылығын кеңейтеді.

2019 жылдан бері жұмысын жалғастырып келе жатқан интернет-кафенің жұмысын пандемиямен байланысты карантин біраз уақытқа тоқтатты. Ол өз қызметін маусым айынан бастап қайта бастады және көмекке жүгінген отыз шақты адамдар интернетке, электрондық поштаға қол жеткізу, қажетті материалды табу, қандай да бір құжаттарды басып шығару және т.б. мүмкіндіктеріне қол жеткізді.

 Бенефициарлардың пікірлері - кез келген іс-шара нәтижелілігінің ең тиімді көрсеткіші. Үкіметтік емес ұйымдар мүшелерінің атынан орталықтың жұмысы туралы 20-дан астам оң пікіріміз бар. Бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ ұсыныстар да бар:

1. Ауылдық округтердің үкіметтік емес ұйымдарына қоғам өміріне белсенді қатысу.

2. Мемлекеттік органдарға ҮЕҰ-ны күмәнді қызмет көрсетушілер емес, кәсіби серіктестер ретінде қабылдау.

3. Ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл аясын кеңейту және әріптестік қатынастарды дамыту.

Сондай-ақ, Орталық жоба бойынша серіктестерінің жақсы жұмысы үшін алғыс білдіреді:

Мұсабеков Бақытқалиға - онлайн жағдайында және Азаматтық орталықтың жұмысы аясында өткізген вебинардың өте маңызды және қызықты материалы үшін.

Юрий Анатольевич Гусаковқа - Орталыққа көмекке жүгінгендерге және өткізген пікірталас алаңдарына егжей-тегжейлі және жақсы кеңес берген үшін.

Дмитрий Фисюкқа - ҚОАА сайты мен Орталықтың ұзақ мерзімді сапалы және жедел сүйемелдеуі үшін.

Петренко Е.С. өткізген вебинарлар шеңберіндегі тамаша ақпараттық жаңалықтар үшін.

Козаченко Н. В. – өзекті және маңызды пікірталас алаңындағы ҮЕҰ-дағы әлеуметтік кәсіпкерлік туралы жақсы әңгіме үшін.

Түсіпбекова Назгүлді - Орталықтың материалдары мен құжаттарын аударумен жақсы жұмыс істегені үшін.

Дмитрий Полтаренконы – ескі досты және серіктесті «Вектор инфорум» журналының беттерінде Орталықтың қызметін ақпараттық қолдау және сүйемелдеу үшін.

Татьяна Савицкаяны -ҮЕҰ арасында медиацияны ілгерілету бойынша маңызды және мағыналы жұмысты Орталық арқылы насихаттағаны үшін.

#cisc2020#gogomgov.