|
Қымбатты отандастар! Құрметті әріптестер!
20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Мемлекеттің болашағы біздің таңдауымызға байланысты.
Біз әлемде, көрші елдерде не болып жатқанын көріп келеміз. Кез-келген адам үшін отбасының тыныштығы мен әл-ауқаты әрқашан басымдыққа ие. Осыған байланысты мемлекетімізді кім басқаратыны бізге екі есе маңызды.
Кандидат Қ.К. Тоқаевтың сенім артқан тұлғасы ретінде маған Халық коалициясы құрамында Қазақстанның барлық өңірлеріне барып, нақты жағдайды көріп, түрлі адамдардың пікірін тыңдау бақыты бұйырды.
Менің басты назар аударғаным және мені қуантқаны. 1️⃣ Біріншіден. Барлық жерде халық оң көзқарасты ұстанады. Азаматтар еліміздің қазіргі Президентінің сөздері мен істерінің дәйектілігін атап өтеді (халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын енгізу, өңделмеген жерді қайтару, облыстарды жандандыру, балаларға арналған арнайы шоттар ашу, әйелдер үшін зейнеткерлік жастың төмендеуі, бастауыш сынып оқушыларына арналған ыстық тамақ және т.б.).
2️⃣ Екіншіден. Адамдар Мемлекет басшысының ел ішінде ғана емес, шетелде де сөйлеген сөздері жайлы хабардар.
3️⃣ Үшіншіден. Мемлекет басшысының сайлауалды "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" тұғырнамасын қолдайды.
Ең бастысы, адамдар К.Тоқаевқа сенеді. Олар жоспарланғанның бәрі міндетті түрде орындалатынына күмәнданбайды.
Жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен, жастармен, ауыл тұрғындарымен кездесулердің әсерімен сіздерге, құрметті әріптестеріме жазуға жөн көрдім. Үкіметтік емес ұйымдар - бұл белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдардың бірлестіктері. Әділдік - ҮЕҰ қызметіндегі басты талап. Дәл осы қағида бізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, зұлымдықпен күресуге, халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қорғауға, қоғамдық мәселелерді көтеруге және шешуге көмектеседі.
Құрметті әріптестер, дауыс беру күні сіздер саяси мәдениеттің жоғары деңгейін көрсететіндеріңізге сенімдімін. Сайлау учаскелеріне жақындарыңызбен және туыстарыңызбен, өз нысаналы тобыңызбен келіп, Әділ және Мықты Қазақстан үшін өз дауыстарыңызды саналы түрде беріңіз.
Бұл әркімнің өз отбасының әл-ауқатына, қоғамды демократияландыруға және сүйікті Отанымыздың өркендеуіне қосқан жеке үлесі болады!
Біз - бір ел, бір мемлекет және бір халықпыз!
Құрметпен, Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті Бану Ғаниқызы Нұрғазиева
|
|
|
Дорогие соотечественники! Уважаемые коллеги!
20 ноября состоятся выборы президента Республики Казахстан. От нашего выбора зависит будущее государства.
Мы видим, что происходит в мире, соседних странах. Для любого человека мир и благополучие семьи всегда в приоритете. В этой связи нам вдвойне важно, кто будет управлять нашим государством.
Мне, как доверенному лицу кандидата Токаева К.К., посчастливилось в составе Народной коалиции посетить почти все регионы Казахстана, увидеть реальную обстановку и услышать мнения разных людей.
На что я обратила внимание 1️⃣ Первое. Везде позитивный настрой. Граждане отмечают последовательность слов и дел действующего президента страны (внедрение принципа слышащего государства, возврат земель, возрождение областей, открытие спецсчетов для детей, снижение пенсионного возраста для женщин, горячее питание для учеников начальной школы и др.).
2️⃣ Второе. Люди достаточно информированы, в курсе всех выступлений Главы государства не только внутри страны, но и за рубежом.
3️⃣ Третье. Полностью поддерживают его предвыборную платформу «Справедливый Казахстан: для всех и каждого. Сейчас и навсегда».
И самое главное, люди доверяют К.К.Токаеву. Они не сомневаются в том, что все намеченное обязательно исполнится.
Под впечатлением встреч с общественностью, трудовыми коллективами, молодежью, сельскими жителями, решила обратиться к вам, уважаемые коллеги. Неправительственные организации – это объединения людей с активной жизненной позицией. Справедливость - главный критерий в деятельности НПО. Именно этот принцип помогает нам противодействовать коррупции, бороться со злом, защищать интересы социально уязвимых слоев населения, поднимать и решать общественные проблемы.
Дорогие коллеги, уверена, что в день голосования вы продемонстрируете высокий уровень политической культуры. Придете на избирательные участки с близкими и родными, своей целевой группой и осознанно отдадите свои голоса за Справедливый и Сильный Казахстан.
Это будет личным вкладом каждого в благополучие своей семьи, демократизацию общества и процветание нашей любимой Отчизны!
Мы - одна страна, одно государство и один народ!
С глубоким уважением, президент Гражданского Альянса Казахстана Бану Ганиевна Нургазиева
|
|